USD
USD
USD

Жуырда ұлттық төлем жүйесі іске қосылады

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесінің техникалық дайындығы туралы айтып берді.

Жуырда ұлттық төлем жүйесі іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк Ұлттық төлем жүйесінің техникалық дайындығын қамтамасыз етті. Банкаралық төлем карточкалары жүйесі (БТКЖ) шеңберінде карточкалық транзакцияларды өңдеу бойынша инфрақұрылым құрылды. Қазіргі уақытта бұл жүйені Visa, Mastercard, Union Pay халықаралық төлем жүйелерімен интеграциялау жұмысы жүріп жатыр», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Спикердің айтуынша, қазір нақты уақыт режимінде жеке төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуге арналған Мезеттік төлемдер жүйесінің платформасы жаңартылды.

«Ұлттық төлем жүйесінің компоненттері 2021 жылғы қараша-желтоқсанда пилоттық режимде іске қосылады», - деді Е. Досаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі