USD
USD
USD

Жуырда алғашқы АЭС құрылысы туралы келісімдерге қол қойылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде салынуы мүмкін екінші және үшінші АЭС құрылысына арналған аумақтарды анықтау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты. 

Exit poll
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. – Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында 3 Жылу электр орталығын салу жобаларын іске асыру басталды. Олар 2032-ші жылға дейін кезең-кезеңмен іске қосылады. Биыл 166 Мегаватт бу және гидрогенерация, сондай-ақ Жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 нысанда 450 МВт қуат пайдалануға беріледі. Жел энергиясы станцияларының негізгі компоненттерін шығаратын зауыт құрылысы басталды, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы АЭС құрылысына да тоқталды.

– Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын, – деді Премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры