USD
USD
USD

Жүйе құрушы кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР жүйе құрушы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шаралары қаралды. Бұл туралы үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Жүйе құрушы кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов жүйе құрушы кәсіпорындардың тиісті тізілімінің жобасын таныстырды. 

Тізімге құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлікті жалға алу, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы 361 кәсіпорын енді.

Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде несиелер бойынша мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну, жеңілдікті өтімділікке қол жеткізу, салық төлеуді кейінге қалдыру, ҚҚС қайтару процесін жеңілдету әрі жеделдету, барлық рұқсат беру құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеделдету қарастырылады.

Жүйе құрушы кәсіпорындардың ыңғайласпа міндеттері жалақы төленетін жұмыс орындарын сақтау, отандық өндірушілердің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу (болған жағдайда), қолданыстағы келісімшарттар аясында уақытылы төлемдерді қамтамасыз ету, ақпаратты ашу, 2019-2020 жылдар үшін топ-менеджментке дивидендтік төлемдер мен бонустарды алып тастау болады. 

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар салық жеңілдіктерін, артықшылықтарын және азаматтық авиация субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын, ауыл шаруашылығы мен машина жасау салаларындағы ірі кәсіпорындардың операциялық қызметінің қазіргі мәселелерін және т. б. қарастырды. 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев