USD
USD
USD

ЖСН мен БСН бірігеді

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер палатасына былтыр бизнес өкілдері шамамен 800 рет өз мәселелерімен жүгінген. 

ЖСН мен БСН бірігеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәсіпкерлердің 86-сы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс-әрекетке шағымданған. Шағымның 80-ні қаралып, 59 оң шешілді. Осылайша 300 млн теңгеден артық сомаға бизнесмендердің құқығын қорғады.

«Облыстың кәсіпкерлері көп жағдайда жер және салық бойынша, ауыл шаруашылығы, соның ішінде субсидия бөлу мәселелерімен шағымданады. Өңір диқандарына гербицид пен тыңайтқыштарға жұмсалған қаражатты қайтару оңайға соқпады. Мәселе түрлі деңгейде – ауыл шаруашылығы басқармасынан бастап, министрлікте де қаралды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Бас прокуратураның да араласуына тура келді», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Жеңіс Қазиев.

Қазіргі таңда субсидия алу мәселесі шешілді. 2020 жылдың ақпан айына дейін Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) мен Бизнес сәйкестендіру нөмері (БСН) біріктіріледі, нәтижесінде фермерлер мен шаруа қожалықтары мемлекеттің қолдауына сүйене алады. Осы және басқа да мәселелер жыл бойы кәсіпкерлер құқығын қорғау және кәсіпкерлер палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестерінің отырыстарында талқыланды.
 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский