USD
USD
USD

ЖСДП сайлауға қатыспай ма?

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты.

ЖСДП сайлауға қатыспай ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов партиялар сайлауға бойкот жариялауы, сол арқылы «қалыптасқан жағдайға көзқарасын көрсетуі» керегін айтты. Рахымжанов сайлауды бақылаудан бас тартуды да ұсынды. Ол партия жұмысын жалғастырып, жаңарту курсын жариялауы керек екенін айтты. 

«Жай ғана белгіні өзгерту емес, бізде ұтқырлық жетіспейді, оны мойындау керек. Біздің бағдарлама 2012 жылы қабылданды, бірақ өмір өзгерді. Партия бағдарламасының жаңа жобасын келесі съезге дайындау керек, сын-қатерлерге тезірек әрекет ету үшін партия жарғысына өзгерістер енгізу туралы ойлану қажет», – деді Рахымжанов партия съезінде. Нәтижесінде 32 адам бойкотқа дауыс берді, үшеуі қарсы, бесеуі қалыс қалды.

Еске салайық, Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Ибрагим Нұрмаханұлы

Алматыда 22 қазанда кезекте тұрғандардан 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

кілт

Қазақстанның әуе кеңістігінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды

әуе рейстері

Адамдардың немқұрайлығы мен салғырттығының салдары тым қымбатқа түседі – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев