USD
USD
USD

ЖСДП Республикалық штабында жиын өткізді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Республикалық штабында жиын өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

ЖСДП Республикалық штабында жиын өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саяси ұйым мүшелері жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды. Аймақтардағы штаб басшыларымен байланысып, алдағы күндердің міндеттерін айқындады. Сайлауалды науқанның соңғы күндерінде  бағдарламасы мен алға қойған жоспарын бір пысықтап алды. Жалпы, партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асыруға мыңнан астам волонтер жұмылдырылған. Бүгінге дейін депутаттыққа кандидаттар 600-ге жуық іс-шара өткізді.

- Сайлау уақытына дейін аз уақыт қалды. Өте қарқынды жұмыс жасап жатырмыз. Оффлайннан бөлек, жете алмаған ауыл аймақтармен тікелей эфирде сұхбат жүргіземіз, кездесулер. Ерекше атап өткім келгені, ол біздің волонтерлер мен белсенділер. Бүкіл аймақтарда парақшаларымызды іліп, таратып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр, - деді партия мүшесі Мақсұт Насибулов.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі