USD
USD
USD

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов АИ-95 және АИ-98 маркалы автомобиль бензинінің сапасына қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның сөзінше, соңғы уақытта азаматтардың жанармай сапасына қатысты шағым көбейген.

бензин сапасы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Депутаттың сөзінше, сапасыз бензин құйғаннан кейін көліктер тұрақсыз жұмыс істеп, форсункалар, оталдыру шамдары, катализаторлар және басқа да қымбат бөлшектер істен шығып жатыр. Мұндай жағдайда жүргізушілер жөндеуге 200 мыңнан 600 мың теңгеге дейін шығындалуға мәжбүр.

«Бұл жекелеген жосықсыз сауда жағдайлары ғана емес. Техникалық реттеу және метрология комитетінің деректеріне сәйкес, 2026 жылы бақылау мақсатында сатып алу барысында жанармайды тікелей алмастыру фактілері анықталған. Алматыда АИ-100 бензині ретінде құрамындағы күкірт мөлшері үш еседен астам жоғары өнім сатылған, ал Қызылорда облысында АИ-95 маркасымен кәдімгі АИ-92 бензині өткізілген. Бұл тек жекелеген мысалдар емес, тексеру қорытындысы бойынша сапасыз жанар-жағармай үлесі әлі де айтарлықтай», – деді Рақымжанов.

Оның айтуынша, мәселе тек мұнай өңдеу зауыттарында өндірілетін отынның сапасына байланысты емес.

«Тіпті жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген сапалы отынның өзі тұтынушыға жеткенше өз сипаттамаларын жоғалтуы мүмкін. Бұл тасымалдау, сақтау, ауыстырып тиеу немесе өткізу кезеңінде орын алуы ықтимал. Қолданыстағы заңнамада кондицияға сай емес мұнай өнімдерін айналымға шығарғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанымен, іс жүзінде отын сапасының нақты қай кезеңде нашарлағанын анықтау қиын», – деді фракция жетекшісі.

Осыған байланысты ЖСДП фракциясы жанар-жағармай сапасына мемлекеттік бақылауды күшейтіп, жанармай құю станциялары мен мұнай базаларынан алдын ала ескертусіз сынама алуға мүмкіндік беруді ұсынды. Сонымен қатар, АЗС-та QR-код орналастырып, тұтынушыға жанармайды сатып алғанға дейін оның шығу тегі мен зертханалық тексеру нәтижелерін көруге мүмкіндік беру керек.

Депутаттың сөзінше, мемлекет бензиннің сапасына тек зауыттан шыққан кезде емес, әрбір автокөлік иесінің багына құйылғанға дейін кепілдік беруге міндетті.

Қазір оқып жатыр

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама

«Қызғаныштың кесірі»: Жамбыл облысында медицина қызметкері қаза тапты

адам өлімі