USD
USD
USD

ЖРВИ-мен ауырғандардың 72 пайызы балалар

Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекцияны (ЖРВИ) балалар көп жұқтырған.

ЖРВИ-мен ауырғандардың 72 пайызы балалар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бергі 19 аптасында қалада ЖРВИ-дің 2 384 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 32,7%-ға төмен. Дегенмен, қалада ЖРВИ-мен ауыру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп тіркелді. Олардың үлес салмағы 72,0%-ды құрады.

«Өткен жылдың 1 қазанынан биылғы 11 мамырға дейін барлығы 192 890 ЖРВИ дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға жоғары. Балалардың аурушаңдығы 59,2%-ды көрсетті. Сондай-ақ, ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғалы бері қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы, басқа да ЖРВИ вирустары жүр. Мысалы, РС вирусы, аденовирус, риновирус және маусымдық коронавирус айналымда. Жалпы тұмаумен сырқаттанудың 51 жағдайы тіркеліп, барлық науқастар ем алды», – делінеді ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын ЖРВИ, тұмауға қарсы алдын алудың жалпы шараларын сақтауға шақырды.

«ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз, егер сырқаттанған адаммен байланысқа түскен болсаңыз, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз;

– ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;

– түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, шарфпен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;

– иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;

– қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды қысқарту, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізумен желдету;

– ауру балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу. Осы қарапайым ережелерді сақтау тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға көмектеседі», – деп ескертті департаменттен.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев