USD
USD
USD

Жойылудың аз-ақ алдында тұрған: ханзада Уильям Қазақстанның киіктерін мысалға келтірді

Ұлыбритания ханзадасы Уильям BBC арнасындағы Грэм Нортонның ток-шоуында Қазақстандағы киіктердің саны қалай артқанын айтып, жануарларды қорғауда ел үкіметінің рөлін атап өтті.

Киік
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бағдарлама барысында жүргізуші Грэм Нортон киіктің суретін көрсетіп, оның қайда мекендейтінін сұрады. 

Ұлыбритания ханзадасы киіктің жойылып кету қаупінен аман қалғанын айтып, оның санының өсуіне Қазақстанның табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары ықпал еткенін жеткізді.

«Бұл – бір кездері жойылып кету қаупі төнген киіктердің бір түрі. Бірақ қазір оның саны күрт өсті. Бұған Қазақстан үкіметінің осы жануардың ел үшін және табиғатты қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, оны сақтауға бар күшін салуы себеп болды», – деді Уильям.

Қазақстанда киіктерді қорғауға бағытталған бастамалардың бірі – Altyn Dala жобасы. Ол дала экожүйесін сақтауға және жабайы жануарлардың популяциясын қалпына келтіруге бағытталған.

Еске салайық, былтыр қоғам белсендісі, кәсіпкер әрі аңшы Батыр Сейкенов киіктің саны ресми органдар мәлімдегендей 4 млн емес, 12 млн-нан асып кеткенін айтып, дабыл қаққан болатын. 

Сонымен қатар, 2025 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында көршілес елге 1 500 киікті сыйға тартты. 

Қазір оқып жатыр

«Құжаттарды Боқаев әкелді»: сотта бұрынғы кәсіподақ төрайымы жауап берді

бокаев

Айсұлтан Сейітовті плагиат жасады деп айыптады: режиссер не дейді?

Айсұлтан Сейітов

Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымына несие беруге тыйым салынды

лицензия

Исматулла Мақсұмға қатысты тергеу басталды

Исматулла Мақсұм