USD
USD
USD

Жоспар бойынша биыл қамбаға 13 млн астам бидай жиналады

Биыл қамбаға 13 млн тоннадан астам бидай жиналады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспары осындай, деп хабарлайды Хабар 24. 

Жоспар бойынша биыл қамбаға 13 млн астам бидай жиналады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Былтыр ауа райының қолайсыздығынан астық түсімі аз болды. Дегенмен, Үкімет басшысы егіс алқаптарынан жаңа өнімді жинап алғанша астық қоры жететін айтты. Қазір көктемгі егіс науқаны аяқталды. Тек Ақтөбе және Батыс Қазақстанда жауын-шашынның көптеп түсуіне байланысты жұмыс әлі жалғасып жатыр.

- Мамандардың есебінше, биыл Оңтүстік аймақтарда ылғал аз түсуі мүмкін. Бұл ретте Премьер-министр облыс әкімдеріне суармалы жерлерді сумен қамту шараларын ойластыруды тапсырды. Сондай-ақ қазір тұқым мен агрохимия өнімдері қымбаттады. Әрі Ауыл шаруашылығы жабдықтарының құны шарықтап кетті. Бұған тасымал бағыттарының өзгеруі мен әлемдік азық-түлік нарығында бағаның өсуі себеп. Мәселені шешу үшін Үкімет бюджетті нақтылау кезінде агроөнеркәсіп саласына қосымша қаражат бөлді.

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов