USD
USD
USD

Жосалы кентінде “бомба” қойған студент ұсталды

Ақтөбе облысында студент Жосалы кентіне “бомба” қойған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жосалы кентінде “бомба” қойған студент ұсталды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE.  13 желтоқсан күні сағат 01.30-да Ақтөбе облысы ПД Қарғалы аудандық ПБ кезекші бөлімінің “102” телефонына бір ер адам қоңырау шалды. Оның айтуынша, Қарғалы ауданының Жосалы кентінде бомба қойылған.

Оқиға орнына полиция жасақтары,  авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қарғалы ауданының жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы күдікті ретінде 18 жастағы жергілікті тұрғынды колледж студентін ұстады.  Жас жігіт әзілдеп айтқанын мойындады.

ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осындай әзіл үшін жас жігітке бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев