Референдум Референдум
USD
USD
USD

ЖОО жаппай жабылып жатыр. НЕГЕ?

Осы күні әлем алаңдап, бар күшін аямай сарп етіп жатқан сала – білім жүйесі. Дамыған және дамушы мемлекеттер бірінен бірі қалмай түрлі реформа енгізуде. Біздің министрлік реформаны ЖОО жаппай «жазалаудан» бастады.

ЖОО жаппай жабылып жатыр. НЕГЕ?
Фото: NEGE.kz

Желіде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «10 ЖОО-ның лицензиясын тоқтатамыз» деген сөзі талқыланып жатыр. Оған басты себеп білім сапасына тікелей қатысты көрінеді.

«Мұның алдында біз бес ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір ЖОО-ларда қосымша тексеріс жүргізіп жатырмыз. Тексерістің нәтижесі бойынша біз шешім қабылдадық, тағы бес ЖОО-ның лицензиясын тоқтатамыз. Заң бойынша ол ЖОО-лар бұл шешімге он күн ішінде шағым түсіре алады. Сондықтан да бізге қазір уақыт керек, шамамен 10 күндей. Сол уақытты күтеміз. Шағым түспесе, нақты қай ЖОО-лардың лицензиясы тоқтатылғанын айта аламыз», – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Лицензиясынан айырылған мекемелер заңға қайшы әрекеттер де жасаған. ҰБТ сертификатынсыз талапкерді оқуға қабылдап жатса, енді бірінде студент сабаққа бармай-ақ емтиханнан өтіп, диплом алған. Мұның бәрін министрлік өкілдері жіті тексеріп, анықтаған.

Әлемдік БАҚ 9 жасар жапондық Шого Андо біліміне қайран қалып жатса, біз білім ошақтарының біліксіздігін жазуға мәжбүрміз. Сол Шогомыз бастауыштың 4-сыныбында оқып жүріп, ЖОО студенттері тапсыратын Сугаку кэнтэй тестінің алғашқы кю деңгейін шешіп, рекорд жаңартып отыр. Баланың айтуынша, ол математикадан алған білімін қоғам дамуына жұмсап, жаһандық жылынуды төмендету секілді зерттеу жүргізгісі келеді. Қазақтың кейбір «білім қуған» баласы сатып алған немесе үйінде жатып алған дипломды сандық түбінде жылытуды қашан қояды екен?

Арман Құдайберген

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз