USD
USD
USD

Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Шымкент қаласында көшелерді орташа жөндеуден өткізу жоспарына сәйкес, бүгінде Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жобаға сәйкес, қолданыстағы ескі жол жабынын фрезерлеу және ЩМА-дан асфальт-бетон жабынын төсеу көзделген. Аталған көшенің жол жабыны соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен болатын.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, жөнделетін нысанның ұзындығы - 1,7 шақырым. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлік қозғалысын шектеу қажеттілігі туындап отыр. Атап айтқанда, Тәшенов көшесіне Төле би көшесінен Төреқұлов көшесіне дейін орам сайын асфальт-бетон жабыны төселеді.

Яғни, Төле би – Түркістан көшесі аралығы, Түркістан – Тәуке хан көшесі аралығы, Тәуке хан – Жылқышиев көшесі аралығы, Жылқышиев – Төреқұлов көшесі аралығы 2021 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында ішінара уақытша шектеледі

Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз. Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.