USD
USD
USD

Жомарт жанның қолдауымен спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, бұқаралық спорттың дамуына ауқымды үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының  Құрметті азаматы, кәсіпкер Серік Түлбасов Әл-Фараби ауданы аумағында алты  спорт алаңшасын  салып, халық игілігіне ұсынды.

Жомарт жанның қолдауымен спорт алаңшалары пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Бүгін Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 5 үйдің ауласында алтыншы спорт алаңшасының ашылу салтанаты өтті.   

Қолданысқа берілген спорт алаңшалары барлық стандарт талаптарына сай жабдықталған. Алаңшаларда  воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндіктер жасалған.

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында, аудан көлемінде  жыл соңына дейін бюджет есебінен  25 спорт алаңшасы халық игілігіне берілетін болады. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек