USD
USD
USD

Жомарт кенішіндегі апат: Оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр

Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында, деп хабарлады ТЖМ.

Жедел штаб
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді.

ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді.

Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21.

ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың әрекеті үйлестіріліп жатыр.

Ұлытау облысы
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды. ТЖД үйінді астында қалған жұмыскерлердің тізімін жариялады.

Сонымен қатар Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский