USD
USD
USD

Жолшы болғысы келетін жастармен кездесу өтті

Болашақ жолшы мамандарын даярлау – бүгінде өте маңызды мәселе. Әсіресе, сапалы автомобиль жолдарын салатын білікті мамандар жол құрылысына ауадай қажет.

Жолшы болғысы келетін жастармен кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сол себепті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мақсатты түрде жастарды болашақта жол саласында еңбек етуге шақырып, осы саланың озық тәжірибелі мамандары болуы үшін оларға талмай насихат жүргізуде. 

Мемлекеттік мекеменің Алматы филиалында өнімді еңбек етіп жүрген инженерлері қаладағы мектептер мен оқу орындарын аралап кәсіптік бағдар берудің ерекше әдісін қолға алған. Филиал қызметкерлері Алматы автомобиль жол колледжінің студенттерімен оқу орны ауласында кездесу өткізді. Кәсіптік бағдар берудің мұндай әдісі – жол саласының болашақ мамандарына да өте қызықты болды.

Жүздесудің басты ерекшелігі – филиал мамандары студенттермен кездесуге жылжымалы зертхана көлігімен келді. Жылжымалы кешенде жол сапасын анықтайтын, түрлі сынамалар алатын, өлшем жұмыстарын жүргізетін барлық мүмкіндік бар.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының тәжірибелі қызметкері, инженер Айдар Бейісбеков студенттерге жылжымалы жол зертханасының жұмыс істеу принциптерін, ерекшелігін, өзге зертханалардан артықшылықтарын мұқият таныстырды. Одан бөлек, жол белгілерінің стандартқа сай болуын, жол бойындағы сызықтардың талапқа сай болуын тексеретін озық үлгідегі құралдар да студенттерге таныстырылды. Құралдарды көзбен көріп, қолмен ұстап көрген шәкірттердің жол мамандығына қызығушылықтары одан сайын артары сөзсіз.

Ал жолшы болуды мақсат еткен студенттер ұлттық орталықта жаз мезгілінде ақылы түрде оқу тәжірибесінен өте алады. Ол кезде де студенттер филиал жұмысына тікелей араласып, жол сапасын тексеруге үлес қосады. Сонымен қатар, мол тәжірибе жинайды.  

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов