USD
USD
USD

Жол-көлік оқиғасынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қайтыс болады

Ел жолдарында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау полиция органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Оны іске асыру үшін ұйымдастырушылық, практикалық және құқықтық шаралар кешені қабылданады. Олар жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғасынан жыл сайын 2 мыңнан астам адам қайтыс болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ол жолдардағы қорқынышты статистикаға тоқталды.

«Соңғы 5 жылда ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады. Тағы 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Ағымдағы жылы 2600-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 410 адам қаза тауып, 3,5 мыңнан астам адам жарақат алды», - деп атап өтті спикер.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы