USD
USD
USD

Жолдар жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабылды, – деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Жолдар жабық
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGЕ. Боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол бұрынғысынша жабық.

Ақмола облысында Екатеринбург-Алматы жолының бір бөлігі, Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін жабық. Қостанай облысында Жезқазған-Петропавл тас жолында (Қостанай облысының шекарасынан СҚО шекарасына дейін) және Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін) қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысында жолдардың жабылуына қатты нөсер мен көктайғақ себеп болды. Мұнда Орынбор-Ақтөбе (Ақтөбеден Қорайлы ауылына дейін), Самара-Шымкент (Белогор ауылынан Қарабұтақ ауылына дейін), Ақтөбе-Орск (Қалдаяқов атындағы ауылдан Ресей шекарасына дейін), Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай (Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін) жолдар жабылды. Осы аймақтағы боран салдарынан Қандыағаш қаласынан Ырғыз ауылына дейін де жол жабылды.

Қарағанды облысында Теміртау мен Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелген.

Сондай-ақ, Қызылорда-Павлодар (Қарағандыдан Молодежный ауылына дейін), Алматы-Екатеринбург (Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейін), Қарағанды-Павлодар (Қарағандыдан Ботақара ауылына дейін) жолдарымен жүруге болмайды. Қостанай облысында Екатеринбург-Алматы (Тобылдан СҚО шекарасына дейін), Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (Қостанайдан Ақмола облысының шекарасына дейін), Денисовка-Мықтыкөл-РФ шекарасы (Денисовка ауылынан Мықтыкөл ауылына дейін), Жезқазған-Петропавл (Қарағанды облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін) жолдары жабылды.

Павлодар облысында Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті (Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін), Қызылорда-Павлодар (Шідерті ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) автожолдарында қозғалыс шектелген.

Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург-Алматы автожолында (Рузаевка ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін) шектеу қойылды. ІІМ ТЖ комитеті тұрғындарға ауа-райын және метеорологиялық мәліметтерді бақылауға кеңес береді. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалыңыз

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды