USD
USD
USD

Жолда жүру ережелері енді жеке пән ретінде оқытылмақ

Бұрын мектеп бағдарламасында қосымша түсіндірілетін жол қағидалары жаңа статусқа ие болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.

Жолда жүру ережелері енді жеке пән ретінде оқытылмақ
Фото: NEGE.kz

– Біздің министріміз Үкімет отырысында осы ұсынысты айтты. Оны Үкімет басшысы қолдап, Оқу-ағарту министрлігіне тапсырма берді. Келесі жылдың 1 қыркүйегінен бастап жолда жүру қағидалары жеке пән ретінде оқытылады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі біздің ұсынысты негізге алып, осы пәнді енгізеді деп ойлаймыз, – деді ол ОКҚ брифингінде.

ІІМ өкілінің сөзінше, бұл әрекетке себеп болған жайт – жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетін балалар статистикасының азаймауы.

–Көбінесе жол ережелерін білмеу немесе оны елемеу салдарынан балалар мүшкіл халге ұшырайтындай ауыр жарақаттар алады. Мәселен, осы жылдың 9 айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының өсімі байқалады. Бұл кезеңде балаларға қатысты болған 2378 жол апатынан 181 бала қаза тауып, 2826 жасөспірім жарақат алды, – деп хабарлады Жандос Мұратәлиев.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.