USD
USD
USD

Жолда қалған жүргізушіге 2 тәулік бойы ешкім жәрдемдеспеген

Шетпе – Сай-Өтес тасжолының 228-шақырымында "ГАЗель" автокөлігі сынып, жолда қалған. Жүргізушіге екі күн бойы ешкім көмек көрсетпеген. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жолда қалған жүргізушіге 2 тәулік бойы ешкім жәрдемдеспеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 желтоқсанда жол бойында тұрған көлікті полиция қызметкерлері учаскелерді патрульдеу кезінде байқаған.

"Тәртіп сақшылары жүргізушіге көмек көрсетуге бірден барды. Онымен әңгімелескен соң, автокөлігінің сынғаны белгілі болды. Полицейлер оған Ақтауға жетуге көмектесті. Барлық жүргізушіге жолда қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесуге шақырамыз. Бей-жай қарамаңыздар", – деді ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат