USD
USD
USD

Жолда қалған адамдар құтқарылды

 Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар мереке күндері жолда қалған 65 адамға көмек көрсетті. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында өңірдің жолдарында 22 көлік қар құрсауында қалып қойған.

Жолда қалған адамдар құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салдарынан 65 адамды, соның ішінде 12 баланы қауіпсіз жерге шығаруға тура келген. «Жолдағы кептеліс негізінен облыстың оңтүстік аудандарында болды. Боранның салдарынан Айыртау ауданында тұрғындар жолда қалды. Кеше 4 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығынан «Тимирязев-Сарыкөл» бағытындағы тасжол жабылды. Жолды қар алып қалған.

Арнайы қызметтер жолды ашып, көлік қозғалысы қалпына келді. Бүгін барлық бағытқа жол ашық», – деді СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев. СҚО-да ауа райының нашарлығынан мереке күндері жол бірнеше рет жабылды. 5 қаңтарға да алдын ала ескерту жарияланды. Мамандардың сөзіне қарағанда, ертең боран соғып, тұман түспек.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский