USD
USD
USD

Жолда ішімдік ішкен 9 адам поездан түсірілді

«Көлік полицейлері «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған бір топ адамды ұстады», – деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жолда ішімдік ішкен 9 адам поездан түсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 ақпанда Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасына «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызының 26 жастағы жолсерігі шағым түсірген. Оның айтуынша, аталмыш пойыздың 9 жолаушысы алкогольді ішімдік ішіп, айғайлап сөйлесіп, жолаушылардың мазасын алған,қоғамдық тәртіпті бұзған.

Құқық бұзушылар жолсеріктің ескертуіне бағынбай, оған балағат сөздер айтқан. Тіпті, пойыз бастығы мен көлік полицейлерінің де жағасына жармасып, билік өкілдеріне күш көрсетпек болған. Пойыз елордаға келгеннен кейін құқық бұзушылар пойыздан түсіріліп, Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полицияның кезекші бөліміне жеткізілді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған азаматтардың алкогольді ішімдік ішкені анықталды.

Аталмыш факті ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам