USD
USD
USD

Жолаушының сөмкесінен есірткі табылды

Қызылордалық полицейлер  есірткі заттарын тасымалдаған Байқоңыр тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жолаушының сөмкесінен есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. 13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” республикалық тас жолының 1324 шақырымында шетелдік мемлекеттік белгісі бар автокөлігі тоқтатылып, тексерілді. Автокөлік ішінде жүргізуші және жолаушы болды. Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетте скочпен оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталған. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар жалпы салмағы 415,85 гр. “кептірілген марихуана” есірткі заты екендігі анықталды. Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайлары анықталады.

 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова