USD
USD
USD

«Жолаушылар тасымалы» филиалының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы - «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Антикор. 

«Жолаушылар тасымалы» филиалының басшысы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

2022 жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық