USD
USD
USD

Жолаушылар автобусына 9 қабатты ғимарат құлап кетті

Оңтүстік Кореяда ішінде жолаушылары бар автобус құлаған ғимараттың астында қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кванжу қаласындағы төтенше жағдай кезінде кем дегенде тоғыз адам құрбан болуы мүмкін, - деп хабарлайды The Korea Herald басылымы.

Жолаушылар автобусына 9 қабатты ғимарат құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желіде жарияланған видео кадрларынан аялдамада тоқтап тұрған автобуыстың үстіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бес қабатты ғимараттың қалай құлап кеткенін көруге болады.

Ғимараттың құлауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Жұмысшылар үйді сүруге дайындап жатқан және жоғарғы қабатын экскаватормен бұзып қойған. Жұмыс кезінде төменгі қабаттан күдікті дыбыс естіген құрылысшылар қашып үлгерген.

Үйінді астынан сегіз адам шығарылған, олар әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Ел президенті Мун Чжэ Ин билікке оқиғаны мұқият тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай қайталанбас үшін ведомствоаралық шаралар қабылдауға шақырды.

Қазіргі уақытта құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек

Парламент палаталарының бірлескен отырысы

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

Тимур Сүлейменов

Құрманғазы мен Исатай ауданында теміржол вокзалының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Вокзал

Тоқаев 1 шілдеде өкілеттігін тоқтататын Парламентті «ең мықты құрамның бірі» деп атады

Президент