USD
USD
USD

Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды

Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Өткен жылдың қараша айында Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызынан 29 жастағы Атырау облысының тұрғынын түсіріп алған болатын.

Ол жол жүру барысында мас күйде болып, жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде құқық бұзушы өзін өте дөрекі ұстап, себепсіз билік өкілдеріне балағат сөздер айтқан.

Сонымен қатар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Ұсталған адам бұған дейін есірткі затын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған азаматқа қатысты билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ер адам аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкерлері билік өкілі болып саналады.

Өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты билік өкілдеріне қатысты адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе күш қолданған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.