Жолаушы Марал Ерман: Есімді жиғанда ұшақтың бөлініп қалғанын көрдім
Ұшақ апатынан кейін әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірін алматылық жолаушы Марал Ерман түсірген. Ол видеоны Инстаграм парақшасында жариялады.
Алматы, NEGE. «Алдымен ұшақ шайқала бастады. Одан кейін қайта қонғандай болды. Әлденеге соғылған екенбіз. Ұшақ бортында қатты айқай-шу болған жоқ. Оқиғаның бәрі есімде жоқ. Не болғанын түсіне алмадық. Есімді жиғанда алдымның бәрі жабық екенін көрдім. Ұшақ қанатының тұсында отырдым. Стюард есікті ашып берген соң, сыртқа шықтық. Сөнда көргеніміз: ұшақ екіге бөлініп қалыпты.
Алдымен бізге келген күзет қызметі болуы керек. Олар балаларды ұшақтан шығара бастады. Одан соң өрт сөндірушілер келді. Жедел жәрдем соңынан жетті. Жарақаттанғандар көп болды. Мен ол жерде қалған жоқпын. Туыстарым алып кетті» дейді Марал Ерман.