Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жолаушы 2 млн теңгеге жуық ақшасын пойызда қалдырып кеткен

Шымкент-Нұрлы жол бағытындағы жолаушылар пойызының 41 жастағы жолаушысы 1 900 000 млн теңге қаражаты салынған сөмкесін жоғалтып алған.

Жолаушы 2 млн теңгеге жуық ақшасын пойызда қалдырып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 3 ақпанында Ерболат Әмірханов есімді Қарағанды қаласының тұрғыны «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы Желілік полиция бөлімшесіне келіп, ірі көлемдегі ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алғандығын, оны іздеуге көмек сұрап, өтініш білдірді. Оның айтуынша, Қарағанды станциясында пойыздан түскен соң, такси тоқтатқан. Көлікте отырған кезде ғана ақша салынған сөмкесінің жоқ екенін байқаған. Вокзалға қайта айналып келген кезде, өзі түскен пойыз бұл уақытта жүріп кеткен. «Бұдан соң, таксимен пойыздың артынан Нұр-Сұлтан қаласына келдім. Іле-шала «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы желілік полиция бөлімшесінің полицейлерінен ақшамды тауып беру жөнінде көмек сұрадым», – дейді Ерболат. Өтініш түсе салысымен теміржол вокзалының патрульдік полиция тобының полиция сержанты Берік Аққалиев жедел іздестіру іс-шарасына кіріседі. Жедел әрекет пен үйлесімді жүргізілген шаралардың нәтижесінде 1 900 000 теңге қаражат салынған сөмке табылып, иесіне табысталды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық