USD
USD
USD

Жол үстіндегі мұздың биіктігі 6 метрге жеткен

Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының жарты километрге жуық бөлігін мұз басып қалды.

Жол үстіндегі мұздың биіктігі 6 метрге жеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көлден пайда болған мұз қатты желдің әсерінен тас жолға қарай жылжып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Бұл жайлы Tengrinews.kz сайты хабарлады. 

Сайт редакциясына жергілікті тұрғындар оқиға орнынан видео жіберген. 

«ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай филиалы директорының орынбасары Хамзат Сұлтанов аталған жайттан хабардар екенін жеткізді. Мұздың биіктігі 5-6 метр шамасында болған. «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері жолды тазалаған. 

Мамандардың айтуынша, желдің жылдамдығы 35-40 м/с жеткен.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес