Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жол саласындағы жас мамандар кеңесі құрылды

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесі құрылып, оның алғашқы бас қосуы Алматы қаласында өтті. 

Жол саласындағы жас мамандар кеңесі құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай кеңестің мақсаты – әр аймақтағы филиалдарда еңбек етіп жүрген жастардың басын қосу, мансабының жоғарлауына жағдай жасау. Сонымен қатар, салаға қажетті кадр дайындау. Себебі еліміз бойынша еңбек нарығында жолшы, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын мамандар жетіспейді. 

Кеңестің ашылу салтанатына сапа орталығының басшылық құрамы, Алматы қалалық және облыстық филиал басшылары қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қалидың сөзінше, автожол саласында кадр дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Өкініштісі, түлектердің басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды. Бүгінгі республикалық семинар-тренинг қызметкерлердің жұмыста маман ретінде ғана емес, жеке дамуына да үлкен мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Айта кетейік, екі күн бойы өтетін кеңестің отырысына еліміздің 17 өңірінен жас қызметкерлер жиналып, өзара пікір алмасты. Мұндай жиындар алдағы уақытта еліміздің басқа қалаларында да жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов