USD
USD
USD

Жол саласына қызығатын жастар саны артуда

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі мектептерді аралап, жоғарғы сынып оқушыларын жолшы мамандықтарын игеруге белсенді түрде шақырып жүр.

Жол саласына қызығатын жастар саны артуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әр өңірдегі филиал қызметкерлері апта сайын мектептерді аралап, кездесулер ұйымдастыруда, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалы жыл басынан бері 100-ден астам мектепке барып, оқушыларға жол саласында еңбек етудің артықшылықтары мен маңыздылығын түсіндіруде. 15 қараша күні филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлы бастаған бір топ қызметкер қаланың 15 мектебіне барып, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру, олардың жол саласына қатысты мамандық таңдауға шақыру өзекті мәселе.

«Елімізде 7000-ға жуық мектеп бар екен, соның бәрін қамтысақ деген жоспар бар. Әр өткізген дәрістен кейін оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып жатады. Жол саласының мамандарын даярлайтын тиісті оқу орындарына түсіп те жатыр. Мысалы, Алматы қаласында жыл соңына дейін 200 мектепке барып, оқушылармен кездесу өткізу мақсатымыз», – дейді Мәулен Әліпов. Ел экономикасының, дамығанының бірден бір көрсеткіші – тақтайдай түзу сапалы жол. Ал сол жолды салатын білікті, білімді мамандар. Бұл салаға мықты мамандар, әсіресе, білімді жастар үнемі қажет. Директор Мәулен Әліповтің айтуынша, Алматы филиалы жыл соңына дейін кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыра бермек. Себебі әр кездесуде жастардың жолшы мамандығына қызығушылығы артқаны байқалады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті