Жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылады

Мәслихат сессиясында қала әкімі Ерболат Досаев дамыған қоғамдық көлік қала тұрғындарының жайлы өмір сүруінің, жолдағы кептелісті азайту мен ауа сапасын жақсарту индикаторларының бірі екенін айтты.
Алматы, NEGE. Осыған байланысты қоғамдық көлікті дамытуда автобус паркін экологиялық автобустармен жаңартуға басымдық беріледі.
"2023 жылы газбен жүретін 300 автобус сатып аламыз. Сонымен қатар троллейбус паркін жаңарту жалғасады, біз 6,4 млрд теңгеге 100 троллейбус сатып алуды көздеп отырмыз. Осы шаралардың арқасында қызметтердің сапасын жақсартып, қоғамдық көлік қозғалысының интервалын азайтамыз", - деді Алматы әкімі.
Қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл 30 маршруттағы автобустарды жаңартуға және оларды қосымша 400 бірлікпен нығайтуға мүмкіндік береді. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсартады.
2023 жылға қалалық маршруттарды субсидиялауға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Осы 30 маршруттағы автобустарды жаңартуға және қосымша 400 бірлікпен нығайтуға мүмкіндік береді, бұл қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын жақсартады.
Қыркүйек айында бекіткен Даму бағдарламасында автобус паркін жаңарту мен оны экологияландыруды ескере отырып, қоғамдық көлікті дамытуға басымдық беріледі.
«Биыл ұзындығы 27,2 км 28 көшедегі жолдар орташа жөндеуден өтті. Сонымен бірге, ұзындығы 18,1 км 12 көшеге тротуар салынды. Келесі жылы ұзындығы 55,5 км 39 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, ұзындығы 28,5 км 22 көшеге тротуар салынады», – деді Ерболат Досаев.
Жыл соңына дейін 20 көшені жарықтандыру аяқталады. Медеу ауданының 86 көшесіне 2025 жылдың соңына дейін көше шамдары орнатылады.
9 маршрутты жаңарту үшін 101 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда 4 маршруттың автобустары жаңартылды: №69 – 18 автобус, №201 – 24 автобус, №12 – 16 автобус, №71 – 10 автобус.
Жыл соңына дейін тағы 5 маршруттың автобустары жаңартылады: №5, 5а, 5б, 5в – 8 автобус және №205 – 25 автобус.
Биыл қосымша №100 – 34 автобус маршруты іске қосылды. Келесі жылы Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейін 1 жаңа маршрут іске қосылады.
Келесі жылы метрополитен желісін батыс бағытқа қарай салу жалғасады (Қалқаман станциясының 3-ші іске қосу кешені), оған 12,1 млрд теңге көзделеді. Бұл 2024 жылы қаланың батыс бөлігіндегі 50 мыңнан астам тұрғын үшін қосымша көлік байланысын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Төле Би көшесін ұзартып салу жалғасады, оның жалпы сомасы 11,7 млрд теңге. Жұбанов көшесімен ұзартып салу мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Бұдан басқа, 2 көлік жолайрығын аяқтау жоспарланған (Бұқтырма – Құлжа күре жолы, Саин – Мөңке Би көшелері), ол үшін 6,2 млрд теңге қарастырылған.
Алатау (Ф. Оңғарсынова мен Мөңке би көшелерінің қиылысында) және Медеу аудандарында (Жетісу базарына қарама-қарсы Құлжа күре жолында) орналасқан 2 коммуналдық автобус паркін (148 млн теңге) жобалау аяқталады, олардың әрқайсысының құрылысы 8 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Келесі жылы жол инфрақұрылымына ерекше назар аударылған. 200 км жолға орташа жөндеу жүргізіледі, 30 км тротуарлар мен 80 остановка алаңы салынады. Ол үшін 20,8 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, келесі жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 89%-ке жетеді.
Жалпы, мегаполисте озық стандарттарға сәйкес көлік инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған. Қала өсіп келеді, сондықтан оның көлік каркасын үнемі жақсартып отыру қажет. Бюджет жобасында қала аудандарының арасындағы байланысты, сондай-ақ Алматы агломерациясының дамуын ескере отырып, 2040 жылға дейін Алматы қаласының көлік каркасын дамытудың шеберлік-жоспарын әзірлеуге 370 млн теңге көзделген.
Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджеті бойынша Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға 230 млрд. теңге қарастырған.