USD
USD
USD

Жол ережесін бұзғандарға қатысты лимит белгілене ме?

«Салаға қатысты ұсыныстарды айтқым келеді, олардың біразы полиция қызметкерлері тарапынан ұсынылған еді. Осы орайда бұл мәселе жеке адамдардың жол ережесін жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыбына арналып отыр. Олар жыл ішінде үш және одан да көп мәрте ереже бұза отырып, көлік басқарады», – деді А. Лукин елордадағы Полиция департаментінің ұжымымен кездесу барысында.

Жол ережесін бұзғандарға қатысты лимит белгілене ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутат қазіргі кезде осы тектес ереже бұзушылықтар үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті. «Жол ережесін бұзғаны үшін балл есептеу жүйесін әзірлеп, енгізуге қатысты тиісті ұсыныс жасалуда. Оның ішінде «Сергекпен» тіркелген фактілерді де қамту жағдайы айтылуда», – деді сенатор. Бұл тұрғыда ол осындай жүйеде жазалау шаралары лимиттен асып кеткенде іске асырылатынын атап өтті. Сөз соңында депутат бұл мәселелерді барлық мүдделі тараптармен және қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау керектігін айтты.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.