Референдум Референдум
USD
USD
USD

Жол бойындағы әжетханалар өзгереді

ҚазАвтоЖол» компаниясы 2019-2020 жылдарға арналған жол бойында санитарлық тораптар орнату бағдарламасын таныстырды. 

Жол бойындағы әжетханалар өзгереді
Фото: NEGE.kz

Ұлттық оператор – «ҚазАвтоЖол» компаниясы автомобиль жолдары комитетімен біріге отырып, 2022 жылға дейін демалыс орындарында 304 санитарлық торапты орнату бойынша бағдарлама жасады. Бұл бағдарламаны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітті. «Қайта жөндеуден өтіп жатқан жолдардың бойында – 110, пайдалануға берілген жол бөліктерінде – 121, ақылы жол бойында – 73 дәретхана жасалады», – деді компания өкілдері.

Қайта жөндеуден өтіп жатқан жолдардың бойында қазір 14 торап орнатылып жатыр. Оның бірі Щучинск – Зеренді учаскесінде орнатылды. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Жетібай – Жаңаөзен», Қарағанды айналма жолында 11 торап қойылып жатыр. «Шымкент - Тараз» тас жолында 2 торап орнату үшін келісімге қол қойылды.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 21 қазанында 40 әжетхана орнату және қызмет көрсету бойынша инвестициялық байқау жарияланған болатын. Қазір демалыс алаңдарын қалпына келтіру, электр желісін тарту, ұңғыма қазу жұмыстары атқарылып жатыр. Электр желісі тартылмаған жерлерге балама электр энергиясы көзін орнату көзделген.

Бұл байқауға қатысуға «EUROmodul KZ», «Qazaqtech», «Ice Group KZ» ЖШС секілді компаниялардан өтініш түсті. Байқаудың алғашқы кезеңі бойынша «Qazaqtech» ЖШС инвестор атанды. «Бұл компания әжетханаларға жасыл технология қағидаты бойынша ваккумды ағызу жүйесі, күн энергиясы жүйесін орнатумен айналысады. Бұл тораптарды орнату инвестор қаржысының есебінен болады», – деді «ҚазАвтожол» компаниясынан.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда