USD
USD
USD

Жол апатынан 8 айда 1258 адам қайтыс болды

Статистикалық деректерге қарасақ, елімізде жол апатынан көз жұмғандар саны көбейіп кеткен.

Жол апатынан 8 айда 1258 адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 8 307 апат тіркелді, онда 12 205 адам зардап шекті.

Түрлі ЖКО салдарынан 10 947 адам дене жарақатын алды (10,5%-ға өсті) және 1 258 адам қайтыс болды (17,7%-ға өсті).

Жолдарда кәмелетке толмағандар зардап шеккендердің өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық, олардың саны 1808-ден 2298-ге дейін артты және зардап шеккендердің жалпы санының 18,8%-ын құрайды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ЖКО-ның 87% жүргізушілердің кінәсінен (7256 факт), оның ішінде 322 алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған.

Бұрынғыдай жолдардағы апаттардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі – 2161 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, 268 адам қайтыс болды. Жол көлік оқиғаларында адамдар зардап шеккен Елордада 349, Шымкент қаласында 203 ЖКО тіркелді.​

ЖКО-ның ең аз саны Солтүстік Қазақстан – 107 және Маңғыстау – 138 облыстарында орын алды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді