USD
USD
USD

Жол апатынан 6 адам қаза тапты

  Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Ордабасы ауданы Бадам ауылы маңындағы Арыс-Шымкент автожолында «ВАЗ» және «Мазда» автокөліктері соқтығысып, оқиға орнында алты адам қаза тапты.

Жол апатынан 6 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмып, алтыншысы аудандық ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Олардың арасында бір отбасының мүшелері болған. Мұнан бөлек Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген екі ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ес-түзсіз күйде түскен 34 жастағы жігіттің жағдайын өте ауыр дейді. Оған операция жасалған. Куәгерлердің айтуынша, көліктің бірі бұрылмақ болып тұрғанда, екіншісі келіп соққан. Әзірге белгілісі, «ВАЗ» автокөлігі Ресей Федерациясында тіркелген.

ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова: "Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты Түркістан облыстық ПД анықтаушыларымен ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Жол ережелерін өрескел бұзу салдарынан адам өліміне алып келген» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Жәнеде тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады" деді.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті