USD
USD
USD

Жол апатынан 6 адам қаза болды

Орал-Атырау тасжолында жол апаты болды. Полиция жол-көлік оқиғасынан алты адам қаза болғанын хабарлады.

Жол апатынан 6 адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын хабарлады. Оқиға БҚО Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

«Апат салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы ЖКО орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес