USD
USD
USD

Жол апатына түскен балуанның жағдайы ауыр

Алматы-Тараз тас жолында жол апатынан аман қалған балуанның өмірі қыл үстінде тұр.

Жол апатына түскен балуанның жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қордай аудандық Орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Марина Чаяхметова айтты.

Зауытбек Нұрдәулеттің жағдайы жақсарғандықтан, оны туыстары Алматыға алып кеткен. Ал Шыңғысхан Мұхаметқалиевтің жағдайы әлі ауыр.

«Шыңғысхан әлі травматикалық комада жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Ол ауыр ми жарақатымен түскен болатын. Миына қан кеткен. Басына трепанация жасалды. Ұйыған қан алынды. Әзірге жағдайында өзгеріс жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз. Қолдан келген барлық ем жасалып жатыр», - деді Марина Чаяхметова.

Маманның айтуынша, Нұрдәулет Зауытбек ауруханаға орташа ауыр халде түскен. Ақыл есін біліп түскен. Сондықтан, спортшының денсаулығы тез оғалған көрінеді.

«Жақын арада спортшы үйіне шығады. Оған амбулаториялық бақылау көрсетілген»,- деді дәрігер.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев