USD
USD
USD

Жол ақысын төлемегендерге 29 млн теңге айыппұл салынған

Жыл басынан бері қазақстандықтарға қоғамдық көлік ақысын төлеуден жалтарғаны үшін 8 мыңнан астам айыппұл салынған, деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

Жол ақысын төлемегендерге 29 млн теңге айыппұл салынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бері Қазақстанда 8 081 жолаушы билетсіз жүргені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оның 65%-ы Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларының 622-бабы 2-тармағын бұзған, яғни, қоғамдық көлікте жүргені үшін ақы төлеуден жалтарған», - деп жазады City Transportation Systems компаиниясының баспасөз қызметі.

Жылдың 7 айында City Transportation Systems компаниясы елордада жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 134 558 фактісін тіркеген. Оның ішінде 5 290 азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл былтрғы көрсеткішпен салыстырғанда 274% көп.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 29 млн теңгеден асып отыр.

«Сонымен қатар, жолаушылар арасында жеңілдігі бар және мектеп оқушыларына арналған карталарды үшінші тұлғалардың пайдалануына беретіндер бар. Көліктік бақылау қызметкерлері осындай 1 111 картаны тәркіледі. Астанадан кейін қоғамдық көлікпен билетсіз жүргені үшін жауапқа тартылғандар саны бойынша Алматы қаласы (1 524) және Шығыс Қазақстан облысы (1 026) алғашқы үштікте тұр», - делінген City Transportation Systems мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер