Жол сапасына қатысты жиын өтті

Алиаты, NEGE. «ЖАСҰО» РМК Алматы облысы филиалының директоры Куштаев Ерболат Серікұлының төрағалығымен Алматы облысының аумағында республикалық, облыстық маңызы бар және көше жолдарының құрылыс және жөндеу жұмыстарын атқарып жатқар мердігер мекемелермен және техникалық қағалаушы ұйымдармен биылғы жоспар және сапа сараптамасы бойынша ашық диалог түрінде жиналыс өтті.
Аталған жиналыста құрылыстық нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер және KazRoadLab бағдарламасындағы қосымша өзгерістер жөнінде айтылды. Сонымен бірге мердігер мен техникалық қадағалаушы ұйымдардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.
Жалпы, Алматы облысында жол сапасын жақсартуға арналған бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған. Атап айтқанда: 13 республикалық маңыздағы жоба, 13 облыстық деңгейдегі жоба және 126 көше жолын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда Ұзынағаш-Отар бағыты мен Құлжа тас жолында құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, Іле, Қарасай, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарындағы облыстық және көше жолдарына да жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, жолдардың сапалы әрі ұзақ мерзімді болуы - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың күнделікті тұрмысына және қауіпсіз қозғалысына тікелей әсер етеді. Сол себепті қалааралық, ауданаралық жолдардың сапасын арттыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында.