USD
USD
USD

Жол сақшылары көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, - деп хабарлады Polisia.kz.

автожол
Фото: sozbe-soz.kz

Алматы, NEGE. "Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Күздің басталуымен ұсақ жол-көлік оқиғаларының болу қаупі артады. Ауа райының өзгеруі жол жүрісіне қатысушылар үшін қолайсыздық тудырады. Жаңбыр көрінуді азайтып, дөңгелектердің сырғанауына әкелуі мүмкін. Жиналған судың кесірінен асфальттағы кедір-бұдырлар мен шұңқырлар көрінбей, жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болуға шақырамыз. Қараңғы уақытта жарық құрылғыларының дұрыстығын қадағалап, жарықтандырылған жолдарды таңдаңыз. Кенеттен кедергілер пайда болған кезде тоқтауға мүмкіндік беретін жылдамдықты таңдаңыз. Күзде температураның өзгеруіне байланысты жолда, әсіресе көпірлер мен өткелдерде мұз пайда болуы мүмкін. Жолға баса назар аударыңыз, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбаңыз және көлік басқарудан алаңдататын әрекеттерден аулақ болыңыз", – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова

Автокөлік иелеріне ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу ұсынылады.

"Жаяу жүргіншілер ауа райының қолайсыздығымен автокөліктің тез тоқтай алмайтынын есте ұстауы керек. Көшеден өтпес бұрын сізге жол бергеніне көз жеткізіңіз, содан кейін ғана жүрісті жалғастырыңыз. Ішкі істер органдарының жеке құрамына қиын жағдайға тап болғандардың барлығына көмек көрсету тапсырылды. Баршаңызға қауіпсіз жол тілейміз!" – дейді маман.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров