USD
USD
USD

Жол құрылысы тек цифрлық теңге арқылы қаржыландырылатын болады

Қазақстанда автожол саласындағы барлық жобалар «Цифрлық теңге» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қарағанды-Балқаш автожолы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қаражатты мақсатсыз пайдалануға қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұраққа жауап бере отырып, Нұрлан Сауранбаев теміржолдағы ірі жобаларды жүзеге асыру цифрлық теңгеге ауыстырылғанын хабарлады. Мұндағы қаржыландырудың бүкіл процесін Ұлттық банк реттейді. Сондықтан да бұл қаражатты нақты мақсатына сәйкес жұмсауға мүмкіндік береді.

«Автожолдарға келетін болсақ, біз Павлодар мен Атырауда екі жоба бойынша осындай пилоттық жобаны бастадық. Қазірдің өзінде баға айырмашылығын сезініп отырмыз. Біз автожолдар бойынша барлық жобаларды цифрлық теңге арқылы жүзеге асыратын боламыз. Осындай бақылаудың арқасында ақша мақсатсыз жұмсалмайтын болады»,

- деп атап өтті министр.

Спикер осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады.

«Цифрлық теңге» дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Премьер-министр тиісті жиын өткізіп, тапсырма берді. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді»,

- деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша

Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

жұмысшы қазасы