USD
USD
USD

Жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған ІІМ күзет басқармасының бұрынғы бастығы сотталды

Павлодарда Ішкі істер министрлігі мамандандырылған күзет басқармасының бұрынғы бастығы Айдар Нұрмұхамбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол былтыр жазда автожолда жол апатын тудырып, салдарынан бір адам көз жұмған еді.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айында түнде болған. А.Нұрмұхамбетов масаң күйде «Lexus LX 570» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып «Павлодар-Семей» тас жолында «Волга» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Волга» жол шетіне аударылып, жүргізушісі сол жерде қайтыс болды.

«Сот Айдар Нұрмұхамбетовты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын және көлік құралдарын басқару қызметімен айналысуға 10 жылға дейін тыйым салу жазасын тағайындады», – деп мәлімдеді Павлодар қаласының №2 сотының судьясы Бибігүл Сабитденова.

Сотталушы азамат жазасын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады. Бұған қоса ол марқұмның туыстарына 10 миллион теңгеден астам және «Волга» көлігінің жолаушысына 7 миллион теңгеден астам материалдық және моральдық шығындарды төлеуге міндеттенді.

Қазір оқып жатыр

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай