USD
USD
USD

Жоқ пәтерді жалға беріп, түскен ақшаға құмар ойын ойнаған алаяқ ұсталды

Полицияға Қарағанды қаласының үш тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы хабарлаған. Соңғысы әлеуметтік желілердің бірінен жалға пәтер беру туралы хабарлама көрген.

Жоқ пәтерді жалға беріп, түскен ақшаға құмар ойын ойнаған алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәбірленуші аталған пәтерді жалға аламын деп хабарлама берген адамға алдын ала 10 мың теңге ақша жіберген. Кейін, сол үйге келіп кірмекші болғанда ол жерде басқа адамдардың тұрып жатқаны анықталған.

Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы және Қарағанды қалалық полиция басқармасының киберпол қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан 23 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Күдікті пәтер жалға беру туралы жалған хабарлама бергенін және алданып ақша салған жәбірленушілердің ақшаларына букмерлік мекемеде құмар ойындарға тіккені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс