USD
USD
USD

Жоқ үйді жалға берген жасөспірім ұсталды

Бурабайда жоқ үйді жалға берген 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді қолға түсірді.

Тергеу дерегінше, ол Бурабайда үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, сенім білдірген азаматтардан алдын ала төлем алған. Мәселен, бір жәбірленуші демалыс үйін "броньдау" үшін 60 мың теңге аударып жібергенімен, кейін күдікті байланысқа шықпай қойған.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары жалған хабарландыру жарияланған телефонды тәркіледі.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ полиция күдіктінің басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы