USD
USD
USD

Жойылуға жақын 61 бұғы Балқаш маңына жіберіледі

Алматы облысының Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш" табиғи резерватына Қызыл кітапқа енген 61 бас бұқар бұғысы жіберіледі. Акцияны Экология министрлігі Жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп өткізеді.

Жойылуға жақын 61 бұғы Балқаш маңына жіберіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл үшінші рет жүргізіліп жатқан шара. Алғаш рет 2019 жылы резерват аумағына 5 бұқар бұғысы жіберілген. 2020 жылы оларға тағы 14 ересек бұғы мен 1 бұғының лағы қосылған.

Бұқар бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше онжылдық өткен соң, ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен. Бүгінде бұқар бұғысының бүкіл әлемде 3500 басы қалған.

"Іле-Балқаш резерватында бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру өте табысты өтіп жатыр. Біз бұғылар бейімделгенін және төлдеп жатқанын көріп ортырмыз. Алдын ала бағалау бойынша, табиғатта 100-ге жуық бұғы бар", - деді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде алғаш рет Оңтүстік Балқаш аймағында пайда болды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар