2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жогорку Кенеш Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтарудан бас тартты

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (парламенті) 25 қыркүйекте өткен отырысында депутаттар Асқар Ақаевтың экс-президент мәртебесін қайтару туралы өтінішінен бас тартты. Бұл туралы парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Ақаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дауыс беру кезінде 85 депутаттың 71-і қарсы дауыс берді, екі депутат қолдады, бірақ кейін олар қателескендерін айтып, парламент шешімін қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Асқар Ақаев ел парламентіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап хат жолдаған болатын.

Тиісті хат 5 қыркүйекте Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және Регламент комитетіне келіп түскен. 

Асқар Ақаев 1990 жылдың 27 қазаны мен 2005 жылдың 11 сәуірі аралығында Қырғызстан президенті болды. Қызғалдақ төңкерісінен кейін (2005 жылы) Жогорку Кенеш Ақаевты «тұңғыш президент» мәртебесінен айырды. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін уақытша үкіметтің жарлығымен ол «экс-президент» мәртебесінен де айырылған болатын.

2005 жылғы төңкерістен кейін ол Ресей Федерациясына кетті, қазір сол жерде тұрады және ғылыми қызметпен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы