18 Шілде 18:52
...

Жоғары сот Тоқтар Төлешовтың заңсыз активтерінің күшін жою туралы өтінішті қарастырып жатыр

Фото:

Жоғары сот Тоқтар Төлешовтың заңсыз активтерінің күшін жою туралы өтінішті қарастырып жатыр, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Жоғары сот Тоқтар Төлешовтың активтерінің заңсыз қайта рәсімделуінің күшін жою туралы кассациялық өтінішті қарастырып жатыр», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Еске салсақ, 2016 жылдың 7 қарашасында «Шымкентсыра» ЖШС директоры Т.Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны «полковник» әскери атағынан, «Құрмет» орденінен айырды.

Т.Төлешовке келесідей айыптар тағылды: адам ұрлау; бас бостандығынан заңсыз айыру, билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту; экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу; қарақшылық; ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу; қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу; бандитизм; қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру; есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу; адам өлтіру; қинау; бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру; қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу; қылмыс пен қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету.

Сөйтіп, Т. Төлешовке 16 қылмыс жасаған деп айып тағылды.

2019 жылдың 16 қыркүйегінде белгілі болғандай, Төлешовтtн мемлекет кірісіне Т1,2 млрд өндірілген. 2020 жылдың 6 наурызында белгілі болғандай, экс-олигарх өзінің бұрынғы компанияларымен соттасуды жалғастырады және олардан Т260 млн өндіріп алуды көздейді.

Тегтер: