USD
USD
USD

Жоғары аудиторлық палата Шымкентті, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын тексермек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, биылғы алты айда атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Шымкент
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Әлихан Смайыловтың Мемлекет басшысына мәлімдеуінше, жергілікті атқарушы органдар, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық несие корпорация», «Қазпошта», «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» акционерлік қоғамдары, бірқатар мемлекеттік органдар тексерілген.

Жалпы сомасы 5,8 трлн теңге болатын 13 ірі мемлекеттік аудит нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 млрд теңге қайтарылған. Сондай-ақ Үкімет пен аудит нысандарына 35 ұсыным мен 413 нұсқама жіберілген.

Жыл соңына дейін тағы 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланған. Соның ішінде Президент тапсырмасымен Шымкент қаласына, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау тетіктеріне тексеру жүргізілмек. Бұған қоса газ бен инвестиция салалары, «Жасыл даму» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметі, жекелеген ұлттық жобалар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы және басқа да бағыттар тексеруден өтетіні айтылды.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата төрағасы бюджет заңнамасына қатысты енгізілген өзгерістер жөнінде баяндады. Атап айтқанда, макроэкономикалық болжам қалыптастырудың жаңа ережесі қабылданып, мемлекет қаражатын жұмсауға қатысты қазыналық бақылау күшейтілді және төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды.

Жоғары аудиторлық палатаның биылғы жұмыс жоспарында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау да бар.

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата басшысына мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді. Оның ішінде заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық беру тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов