USD
USD
USD

Жоғарғы соттың судьясы 2 айға қамалды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жоғарғы сот судьясы Ж-ның екі айға қаламғанын хабарлады.

Жоғарғы соттың судьясы 2 айға қамалды
Фото: NEGE.kz

«Ж» деген судья кім?

«Нұр-Сұлтан қалалық тергеу сотының баспасөз хабарламасы.

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 11 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлесіп жүргізген шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

20212 жылдың 9 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ж-ға қатысты бұлтартпай шарасын қабылдап, оны екі айға қамау туралы шешім шығарды».

Сонымен, Жоғарғы соттың судьясы «Ж» деген кім? Естеріңізде болса, 11 ақпанда Nege.kz порталында «Жоғарғы соттың судьясы ұсталды» деген шағын ақпарат жарияланған-ды. Онда былай деп жазғанбыз: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып 11 ақпанда Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттиновті ұстады. Оған 8 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік келтіріліп отыр», – делінген хабарламада».

Тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, Тергеу сотының «Ж» деп жұмбақтап отырған адамы – Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттинов.

«Жанғұттиновке қатысты бұлтартпау шарасы, яғни екі айға қамау туралы шешім неге тек екі айдан соң қабылданғаны түрлі ойларға жетелейді. Бәлкім, тараптар келісе алмаған болар...», – дейді тұрақты оқырманымыз.    

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.